ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА МЕКТЕП ФОРМАСЫ МІНДЕТТЕЛМЕЙДІ

Жаңалықтар
31.08.2021, 16:09
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА МЕКТЕП ФОРМАСЫ МІНДЕТТЕЛМЕЙДІ

Бүгінде Шымкент қаласының білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына сақадай сай. Мәселен, оқулықтар мен көркем әдебиеттер білім ошақтарына 100% жеткізілді. Ал, бейнебақылау жүйесі мен турникеттер толық орнатылған. Бұл ретте оқушылар жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастайды. Бірақ мектеп формасы міндеттелмейді, классикалық үлгідегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат,-деді білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Жанат Тәжиева - Білім басқармасының басшысы

Айта кетейік, ал 30 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек алған отбасылар (57 466 бала) мектеп формасын алуға міндетті. Осы орайда 1 қыркүйек күні білім табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін салтанатты жиын өтеді, қалған сынып оқушыларына санитарлық талаптарды сақтай отырып сынып сағаты болады.

Айта кетейік, енді  білім ошақтарының әр қабатында санитайзерлер қойылып, қол жуу тәртібі ілініп тұруы керек. Дезинфекциялық заттардың 1 айлық қоры болуы тиіс. Бұл ретте күніне екі рет ылғалды, аптасына бір рет жалпы тазалық жұмыстары жүргізілуі қажет. Ал сынып іші 25 баладан аспауы керек, – деді А.Ахметов.

Алдарқұл Ахметов - Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Айта кетейік, қаладағы барлық білім ұйымында «Ashyq» жобасы толық қосылған. Осы орайда педагогтер мен техникалық персоналдар 100 пайыз (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) вакцина алған.(36 -  

Сонымен қатар Жанат Тәжиева эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәрбиеленушілердің ата-аналарын вакцина салдыруға шақыра отырып, мектептегі дезинфекциялық заттарға ақша жинамауды өтінді. Өйткені білім ұйымдарына қажеттілік заттың бәріне қаржы бөлініп отырғанын арнайы жеткізіп, ата-ана балаларын тек бетпердемен қамтамасыз ету керектігін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom