Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 980 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1366 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 497 төсек орын бар, 292 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 5350 адам вакцина алды (I компонент-2804, II компонент-2546). Егу науқаны басталғалы барлығы 435 071 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 367 468 адам вакцинаның екі компонентін алды.Ғылыммен дәлелденген вакцина - пандемияны жеңудің жалғыз жолы болып отыр.