БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

Жаңалықтар
15.09.2021, 15:42
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

 Мәжіліс бүгін балалар құқығы жөнінде заң жобасын қарады. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген. Онда балалардың білім, медициналық көмек алуы, психологиялық, эмоционалды қысым көрмеуіне қатысты нормалар бар. Қазір әлеуметтік желілерде балаларға көруге болмайтын ақпараттар өріп жүр. Ал, оларды өшірту біздің құзырлы органдардың қолынан келмейді. Сондықтан шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлер Қазақстанда тіркелуі немесе бөлімше ашуы қажет. Бұл талап та балалар құқығы туралы заңда қамтылған. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин екінші оқылымға дейін мәселені шешу жолдарын ұсынуды тапсырды. 

ДИНАРА ЗӘКИЕВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

бірқатар өңірде суицид көрсеткішінің өсуі байқалады. Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл өте қорқынышты көрсеткіш. Осыған бацйланысты заң жобасында бұл мәселені шешу үшін орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру тетіктерін реттеу ұсынылады.

Сұхбат

PhotoRoom