САПА МЕН БАҒА БАСТЫ НАЗАРДА

Жаңалықтар
17.09.2021, 15:45
САПА МЕН БАҒА БАСТЫ НАЗАРДА

Көне шаһардың ауқымы кеңейген сайын бұрынғы электр жүйесіне айтарлықтай салмақ түсуде. Желіні жүйелеп ауыртпалықты реттеу үшін жаңа қосалқы станциялардан жаңа жүйелер тартылған. Соның бірі  Коммунальная қосалқы стансасынан Л-73 А желісіне дейін шақырымы – 1,5 км кернеуі 35 кВ электр желісінің құырылысы, құрылыс барысында СВ-164 бағаналар, АС 95 сымдары орнатылған.  Осылайша Түркістандағы электр жүйесі жаңарып, қызметтің сапасы артты.

Исабек Сәменов - Кентау электр желілерінің басшысы

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары атқарылған ауқымды  шаруалармен танысты. Қызмет сапасын жақсартуға бағытталған шаралар бірінші кезекте тұтынушылар үшін пайдалы болып жатқанына көз жеткізді. Компанияның сапаны арттыруға жасаған қамады құптарлық іс екенін алға тартты.  

Айбек  Егембергенов - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-гі атқарған шаруа көп. Ескі Иханды жалғайтын ұзындығы 5,15 шақырым желі жаңарған. Сонымен қатар Түркістандағы ескірген 113 ағаш бағана бетон бағанаға ауыстырылған.  Бұл шараға облыстық әкімдік, маслихат және қоғамдық бірлестіктер мен тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымының өкілдері қатысты.  Басты мақсат түркістандықтарды сапалы электр энергиясымен қамту.

Сұхбат

PhotoRoom