Денсаулық - адамның өмірлік қажеттілігі мен әмбебап құндылығы. Осылай деген ұйымдастырушылар спортпен шұғылданудың маңызы зор екенін айтады. Індеттің өршіп тұрған уақытында иммунитеттің жоғары болуын басты назарда ұстаған жөн. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру басты мақсат. Ол үшін ауылда барлық жағдайлар жасалған дейді мамандар.
Мақсат Төлешов – Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы
«Денсаулық фестивалі» акциясы аясында ұйымдастырылған игілікті шараға арнайы дәрігерлер де келді.Денсаулығына шағымы бар тұрғындарды қабылдап, көмек қолын созды. Бүгінгі жастар ұялы телефонға үңіліп түрлі омыртқа ауруларына, дұрыс тамақтанбай асқазан, семіздік ауруларына жиі шалдығып жатады. Бұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында спорттық шараларды өткізу өзекті, -дейді ақ халаттылар.
Раушан Өтешова – Ордабасы аудандық орталық ауруханасының дәрігері
Арнайы ұйымдастырылған флешмобқа ауыл жастары қатысып би билеп, түрлі ойындарда бақтарын сынады. Жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін ашу мақсатында аудан аумағында қыруар жұмыстар атқарылуда. Жеке кәсіпкерлер тарапынан да футбол, воллейбол спорт алаңшалары мен спорт мектептері ашылуда.