«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі».Осындай атаумен Шымкентте 2 күндік форум-көрме өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов көрмеге қойылған қаламыздағы креативті жобалар мен туындылармен жеке-дара таныс болды. Сондай-ақ, қорытынды кеште шаһар басшысы туристік креативті қала қалыптастыру үшін Шымкенттің әлеуеті жететіндігін атап айтты. Ол үшін бүгінгі форумның маңызды екендігіне тоқталды.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі
«Мемлекет басшысы туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері болуы тиіс екендігін айтты. Әлемдегі көптеген қалалардың экономикасы туризм табысынан құралады. Осы мүмкіндік Шымкент қаласының даму бағдары болуы керек. Туристік креативті қала қалыптастыру бойынша бүгінгі форум-көрмеде қаламызда туризм индустриясын дамыту мүмкіндіктері қарастырылады.
Форумда креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Данат Жумин, «Salem Coffee» және «Global Coffee» кофеханалар желісінің негізін қалаушы Аят Азимов, Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев және басқа да туристік қызмет көрсететін кәсіп өкілдері жетістіктерін айтып, идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ, көрмеге еліміздің өзге де қалаларынан қонақтар келіп, туындыларды тамашалады.
Ғалымжан Каримов – Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы
Расында, жылдан жылға Шымкенттің туризм саласы ілгерілеп, қала экономикасына оң үлес қосып келеді. Ол үшін түрлі шаралар да атқарылуда. Осы бағыттағы жұмыстардың одан әрмен жалғастыру үшін Шымшаһардан еліміздің басқа қалаларына қатынайтын әуе бағыттары кеңеймек. Мұндай сүйінші жаңалықпен қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов БАҚ өкілдерімен бөлісті.