ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 29 МЕМҚЫЗМЕТКЕР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛҒАН

Жаңалықтар
29.09.2021, 15:53
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 29 МЕМҚЫЗМЕТКЕР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛҒАН

Шымкентте парақорлық жайламаған сала кемде-кем. Статистика қылмыспен күресуі тиіс құқық қорғау органы өкілдерінің жемқорлар көшін батсап тұрғанын көрсетеді.  Құрылыс, білім, денсаулық сақтау, салық және жер қатынастары салалары да былыққа белшеден батыпты.  Сыртқы тексерулер жүргізген антикорлықтар кеңес мүшелеріне шымкенттік шенеуніктердің  қылмысқа барған әрекеттерін бүге-шігесіне дейін әшкерелеп берді.  Мемқызметішелірдің  бірі параны ақшалай, ендібірі заттай алып құзырлылардың  күдігіне ілінген. Күдік туғызғандардың 40 пайызы әртүрлі деңгейдегі басшылар дейді салаға жауаптылар.

Талғар Серікбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Осыған дейін тіркелген қылмыстық істерге қатысты қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет қазынасына 1 млрд. 607 млн. теңге өтелген. Тиісті департамент жыл басынан бері 63 қылмысты әшкерелепті. Қылмыстардың басым бөлігін парақорлық пен  ақша жымқыру дейді департамент басшысының орынбасары.

Талғар Серікбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Департамент өкілдері қоғамдық кеңес мүшелерін сыбайлас жемқорлықпен күресуде күш біріктіруге шақырды. Ал кеңестегілер антикорлықтарға қылмысты әшкерелеумен ғана айналысып қоймай,  алдын алу шараларын да пысықтау қажеттігін ескертті.

Сұхбат

PhotoRoom