Фронт офистің онлайн түрде қызмет көрсетуі - заман талабына сай жұмыс жүргізудің бір бөлігі. Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша 90 - ға жуық ұсыныстар берілді. 60 - тан астам рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Жол құрылысының сапасы, білім ошақтарының ыстық су, ғимарат ішіндегі әжетханамен қамтылуы назардан түскен жоқ. Партияның сайлауалды бағдарласы бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес 9 айлық атқарылған іс-шараларды қала әкімі баян етті.
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ- «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі
Өткен жылы 40 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның 62 пайызы орындалды. Қалғанын сайлау алды бағдарламаға қостық. Нәтижесінде 700 ұсыныс келіп түскен. Оны 10 басым бағытқа бөлдік.
«NurOtan» партиясының ел алдындағы беделі асқақ. Халық тарапынан түскен өтініштерді саралау,аяқ асты қалдырмау басты міндет. Бұл билік пен халық арасындағы өзара іс-қимыл тетігін жетілдіре түседі. Сенімді нығайта түседі.
Жанар Бектаева- «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Келіп түскен өтініштердің көбі, 77 пайызы әлеуметтік салаға байланысты. Жәрдемақы алу, мемлекеттен көмек алу мәселесі.., алимент мәселесі..,
Бүгінде партияның өзіндік дәстүрі, қолжеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар. Сондықтан қала тұрғындарының алдында берген уәде толық орындалуы керек. Жиынның негізгі түйіні осы.