АУЫЗ СУ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Жаңалықтар
06.10.2021, 22:14
АУЫЗ СУ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Мегаполистегі ауыз су құрлысына соңғы жылдары қыруар қаржы құйылуда.  2016-2020 шы жылдар  аралығында салынған  инвестиция 1 млрд 138 млн теңгені құрайды. Оған 250 шақырым кәріз, су жүйесі жаңартылған. Бұған қоса  2016-2017 ші жылдар аралығында 3 млрд қа жуық теңге бөлініп   210 км жүйе жаңартылған. Осы арқылы су сапасы жақсарып апаттар  саны кеміген.

Айсұлу Әлібекова – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Судың жүйелеріне өздеріңіз білесіздер апаттық жағдай көп орын алады. 500 ге дейінгі авариялар көлемі 300 ге төмендеген. Жалпы инвес бағдарлама арқылы су беру қызметі жақсарған. 2021-2025 аралығында  жаңа бағдарлама бекітілген

Қаланың географиялық шекарасының үнемі кеңеюі, демографиялық - әлеуметтік -экономикалық өсудің оң тенденциялары су жүйесін жаңартуды қажет етеді. Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемінің ұлғаюына тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда абонент саны сумен жабдықтау қызметі бойынша 99 790 және сарқынды суды бұру қызметі бойынша 26 807 құрап отыр. Осы бағытта бөлінген қаржы тиімді игерілуде.

Нұрғали Қосмұратов - «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК директоры

Достық мөлтекауданында біз 48 шаршы метрге 38 млн ға ақ труба айыстырдық. Азат Қайтпас-2 мөлтекаудандар бар. Соның әсерінен авариялық жағдайлар азайып отыр.  2016-2020 жылдары инвес бағдарламаға бөлінген қаражатты игеру мақсатындағы престур ұйымдастырып жатырмыз.

Шымкентте 2016-2020 жылдарға арналғанжоспар бойынша 249,53 км су құбырларын ауыстыру қарастырылған, нақты орындалғаны 249,77 км құраған.Сатып алынған құралдар мен техникалар саны жоспар бойынша-1593 дана, сатып алынғаны-1585 дана.  Орындалмаған қаржыға Департаментпен уақытша өтемдік тариф енгізілді.

Сұхбат

PhotoRoom