МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ЛИЦЕЙ АШЫЛДЫ

Жаңалықтар
07.10.2021, 22:20
МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ЛИЦЕЙ АШЫЛДЫ

Лицейдің салтанатты ашылуына қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Шымкент қаласында 70 мектеп болса, қазір білім мекемелерінің саны 200-ге жуықтағанын, онда 250 мыңға тарта бала білім алып жатқанын айтты.

Шыңғыс Мұқан  - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

(Аударма)Соңғы жылдары білім саласына инвесторлар тартылып, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептер көптеп салынуда. Бүгін сондай білім ұяларының тағы біреуі – «Intellect» физика-математика лицейі. Осының барлығы жас ұрпақтың білімді болуына мемлекеттің айрықша назар аударып отырғанын көрсетеді,

Асар шағынауданында заманауи үлгіде бой көтерген мектеп 5,6,7,8,9 сыныптарға арналған. Жалпы пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп, шахмат, домбыра және тігін үйірмелері де жұмыс істейді. Салтанатты жиында «Ummet» қорының өкілдері оқушыларға мектеп формаларын сыйға тартты.

Сұхбат

PhotoRoom