Тұрғын үйлердің қасбеті ретке келтірілуде

Рейтинг
03.07.2020, 21:39
Тұрғын үйлердің қасбеті ретке келтірілуде

Шымкент қаласы «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын, қала әкімі М.Әйтенов осы аумақты аралау барысында тиісті мекемеге тапсырған болатын.

Қазіргі таңда «АРТ құрылыс» ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты тартылған.

Сыртқы әрлеу жұмыстарын талап етіп отырған үйлер әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бүгінде сол мәселе бойынша нөмірі №19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінде алғашқы үш қабаты бесқұдық таспен кейінгі қабаттары жауын-шашынға төзімді материалмен қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom