Инвесторлар биыл 33 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр

Рейтинг
03.07.2020, 21:51
Инвесторлар биыл 33 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр

Биыл қалада жалпы алаңы 1 млн шаршы метрден асатын көпқабатты 248 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ауданы 594 мың шаршы метрді құрайтын 126 тұрғын үй жеке инвесторлардың қаржысына салынуда. Инвестиция көлемі 150 млрд теңгені құрайды.

Жеке инвесторлардың қатарында құрылыс саласының үздіктері болып саналатын «BI Group», «Highvill Kazakhstan» ЖШС, «Отау-Строй» ЖШС, «FEB Group» ЖШС, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «South Company» ЖШС, «Заманауи құрылыс бұйымдары» ЖШС, «Корпорация Сити-строй» ЖШС секілді отандық компаниялар бар.

Айта кетейік, инвесторлар биыл 33 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Қалған 93 үй 2021 жылы пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom