ШЫМКЕНТ 2023 ЖЫЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Жаңалықтар
27.10.2021, 22:40
ШЫМКЕНТ 2023 ЖЫЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Осы жылы интернетпен қамтудың ІІ-кезеңінде 14 нүктеге базалық станциясын орнату жұмысы жүруде. Оның 8-і инвестор есебінен, 6 нүкте байланыс операторлары жеке нысан иелерімен бірлесе атқаруда. Қазір 8 жерге (Тассай, Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ,Солтүстік-Батыс, Аэропорт маңы, А-2 трассасы, Р-32 трассасы Құрсай №49 мектеп маңы) антенна-мачталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін желіге қосылады.

Қалған 6 нүктеде Абдулабад, Забадам,Асар,Самал-3, Нұртас, Құрсай - Жылысай көшесі маңы базалық станциялар орнатылып, іске қосылған. Қала аумағындағы 14 базалық станциялар толық желіге қосылса, 136 071 отбасы сапалы интернетпен қамтылады. Жыл соңына дейін желімен қамту көрсеткішін 91%-ға жеткізу жоспарланып отыр.  Қалада базалық станцияны көбейту үшін басқарма  Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе интернеттің сапасына талдау жасаған. Талданған 110 нүктенің 22-не интернет сапасы төмен екені анықталған. Әзірленген Жол картасы шеңберінде сапасы төмен аумақтарға 2022-2023 жылдары базалық станциясын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар жүзеге асырылса,  қала аумағы 100% сапалы интернетпен қамтылады.

Сұхбат

PhotoRoom