Нақтырақ айтқанда, бағдарламаның І бағыты бойынша 2 675 адам 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына, ІІ бағыты бойынша 2 155 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік курсына оқытуға жолданды. 53 адамға шағын несие, 584 адамға мемлекеттік грант берілді. Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша 8 168 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 336 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2531 адам жастар практикасына, 2845 адам қоғамдық жұмысқа, 115 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы бойынша 24 айға жолданған. Сондай-ақ, 2021 жылдың І тоқсанында 36 969 отбасыға, ІІ тоқсанда 30 962 отбасыға, ІІІ-тоқсанда 19 333 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленген.
Балмаржан Нарбекова – Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы