Шымкент жолдарында енді бұрыңғыдай жылдамдықты асырып көлікпен жүйтки алмайсыз. Қалада жол ережелерін бұзғандарды тіркейтін бейне бақылау қондырғылары көбейгелі отыр. Көшелерге орнатылатын 3 жарым мыңға жуық бейнеқондырғының бірсыпырасы қазірдің өзінде төбеден төніп тұр. Алайда, тесттік жүйеде жұмыс істеп тұрған құрылғылар әзірге ережені ескермегендерді тіркемейді.
Ералы Жұмаханбетов Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы: Әзірге тіркемейді, қашан қосылатынын сіздерді шақырып айтамыз...
Айта кетейік, бүгінде қалада жол апаты жиі орын алатын 41 көше анықталды. Елді мекендерде көліктерге сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүру рұқсат етілген. Ал қаладағы 77 бала бақша мен 152 мектептің маңайынан 40 км/сағат жылдамдықпен жүру белгіленген. Бұл ережені бүгінде көлік жүргізушілері қызу талқылауда. Алайда, Шымкенттің бас полицейі апатты азайтудың бірден-бір жолы осы, дейді.
Ералы Жұмаханбетов Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы:
Қондырғылар іске қосылғанда жол ережелерін сақтамайтын жаяу жүргіншілерге шара көру де жеңілдейді. Полицейлер қазір мұндай жағдайларды дәлелдеу қиынға соғуда дейді.