Шымкент қалалық онконкология орталығының мамандары елу жастағы науқасқа ота жасауда. Сүт безі рагына шалдыққан келіншек осыған дейін 7 курс химия-терапиялық ем алған. Ақ халаттылар сүт безін толық алып тастап, арқаның жалпақ бұлшық етінен, яғни өз тінінен қайта қалпына келтіреді. Мұндай отаның артықшылығы әйел отадан кейін психологиялық соққыға ұшырамайды. Науқас аз уақытта жазылып, қалыпты өмірге тез келеді дейді мамандар.
Ербол Оңғарбаев Шымкент қалалық онконкология орталығының бөлім басшысы:
Жыл басынан бері маммопластикалық ота 60 адамға жасалған. Ақ халаттылар жатыр мойыны ісігінің жасарып келе жатқанына да алаңдайды. Шетелдерде біліктілігін арттырған жергілікті мамандар соңғы үлгідегі құрал-жабдықтардың көмегінен операцияның бұл түрін қазір тіліксіз жасауда.
Югай Константин, Шымкент қалалық онконкология орталығының бөлім басшысы:
Жыл сайын орталыққа 2 мыңға жуық науқас түрлі онкологиялық аурулармен тіркеледі. Қазір мұнда 211 төсек орын бар. Одан бөлек күндізгі стационарға 20 орын бөлінген. Орталық басшылары біліктілікті арттыру мақсатында мамандардың алыс-жақын шетелдерде білімін жетілдіруін де жолға қойған. Жаңа әдіспен жасалатын оталарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар да жаңаланып отырады.
Жақсылық Мәуленов Шымкент қалалық онконкология орталығының директоры:
Салаға жауаптылар медицина саласындағы жетістіктердің арқасында онкологиялық ауруларды емдеп жазуға мүмкіндік көп дейді. Ол үшін алғашқы сатыда мамандарға жүгіну қажет. Қатерлік сүт безі рагынына шалдыққандардың дені көбінесе алдын алуға бағытталған скрининг тексерулерде анықталады екен.