Әскери мүліктер негізінен кеңес заманынан қалған. Оқ-дәрі күйінде беріледі. Бұл қадам еліміздің қарулы күштеріндегі қамтылу нормативінен артық болғандықтан жасалып отыр. Айта кету керек, бұған дейін Тәжікстанға 2 млрд 600 млн теңгеден аса көмек көрсетілген. Жалпы, әскери-техникалар бір ғана талаппен беріледі. Үшінші тарапқа өткізуге болмайды. Ол ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен бақыланады. Егер келісім бұзылса арнайы шара қабылданады.