Ибраһим ата кесенесінің тарихы

Рейтинг
04.07.2020, 19:26
Ибраһим ата кесенесінің тарихы

Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштердің бірі - “Иьрагим ата” кесенесі.

Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ибрагим-ата кесенесі Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, Ақ-су жолының оң жағасында (ХҮІІ-ХХ ғғ) орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды. Ибраһим ата – атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер өңдеуші болды. Халық арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы аңыздар тараған. Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады.

Сұхбат

PhotoRoom