Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш - Әбдул-Әзиз баб кесенесі

Рейтинг
04.07.2020, 19:56
Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш - Әбдул-Әзиз баб кесенесі

Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш - Әбдул-Әзиз баб кесенесі Сайрам ауылының солтүстік шетінде, ескі мазарат ішінде (ХІХ ғ ортасы) орын тепкен. Тарихи деректерге сәйкес, 766 жылы Ысқақ баб басқарған арабтардың жасағы өз еркімен қазақ даласына келеді. Осы жасақтың қолбасшысы исламды таратуда нағыз ерлік көрсеткен Әбдул-Әзіз баб болған. Оның білімдігі, қайраттылығы мен Ислам ісіне берілгендігі халық арасында аңыз болып тараған. Бір аяқта тұрып 39 күн ғибадат қылған. Сол үшін Алла тағала оған бәле-жаладан қорғайтын қасиет беріпті. Осылайша бәлені болдырмайтын және жаладан ақтай алатын әулие жұртшылық арасында Бәлегарден деген лақапқа ие болған. Ол тарихта осы атымен қалған.

Ғимарат (көлемі 14x6,9 м, биіктігі 11 м) күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Қабырға қаландысына бұзылып кеткен XIV–XVII ғ.ғ. жататын ғимараттың төртбұрышты кірпіштері қолданылған. Кесененің көлемдік-кеңістіктік композициясы жинақы әрі мәнерлі. Бүйірлерінің көлемі күмбездерімен бірге тым төмен, олардың тегіс қабырғалары орталық бөліктің монументалдық маңыздылығын арттырып, олармен бірге әдемі келбетін құрап тұр. Оң жақ бүйір бөлменің қапталындағы қабырғаның сыртына салт жораларға мойынсұнумен байланысты культтік маңыздылығы бар ағаш торлы (панжара) тесік орналасқан айқышты қабырғаға сүйірлі ниша жасалынған.

Интерьері сыланған және еденіне кірпіш төселген. Сыртқы қабырғалары қаланды күйінде қалдырылып, безендірілмеген, тек порталының бұрыштарындағы дөңгеленген бағаналары жекелеген гипстік сәндік бөлшектер құмыра тәрізді вазада және портал аркасының архивольты ширатылып есілген түрінде өрнектелген.

Сұхбат

PhotoRoom