ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМАТ ШАНИНГЕ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

Жаңалықтар
10.12.2021, 23:30
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМАТ ШАНИНГЕ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

Еліміздегі қазақ театрының негізін қалаған Жұмат Шанин олардың кәсіби деңгейде қалыптасуына, шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбегі сіңген дара тұлға. Шымкенттегі театрға Жұмат Шанин есімі 1972 жылы беріліпті. Араға 50 жыл салып, өнер ордасының алдына қайраткердің еңселі ескерткіші тұғырға қонды.

Еңселі ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімі Мұрат Әйтенов қазақ театр өнерінің ұстазы болған тұлғаның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың асыл қазынасы екендігін тілге тиек етті. Жұмат Шанинге құрмет көрсету арқылы біз мәдениет қайраткерлеріне құрмет көрсетеміз. Ұлт тарихындағы алғашқы кәсіби театр маманының өмірлік танымы – өскелең ұрпақтың бой түзер бағыты болатынына қала басшысы өз сенімін білдірді.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Қазақтан шыққан халық әртісінің туғанына келер жылы 130 жыл толады екен. Осынау мерейтойдың аясында алғаш болып Шымкентте бой көтерген атасының ескерткішіне арнайы келген Жұмат Шаниннің немересі Райхан Шанина бұл қуанышты күнді әулетімізбен  ұзақ күттік, дейді.

Райхан Шанина – Ж. Шаниннің немересі

Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің. Әкесінің ізін жалғастырған Жұмат Шаниннің ұлы Қасымбекте қазақ театрына өлшеусіз өз үлесін қосты. Білікті режиссердан сабақ алған шәкірттері бүгінде, алпысты алқымдап жетпіске қадам басып қалыпты. Әкесіне еңселі ескерткіш орнату ұстазымыздың арманы болатын еді, деп еске алады Мұрат

Мұхан Шәкіров  - Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі

Қазақ театрының негізін қалаған дара тұлғаның тас мүсіні жақын күндері Алматы қаласынан да бой көтергелі отыр екен. Осынау қуанышты сәтте жағымды жаңалықтарымен бөліскен  Ж.Шаниннің немересі Райхан Шанина атасының туған жері Павлодар өңірінен де еңселі ескеткіштің бой көтергенің қалайтынын жеткізді.  

 

Сұхбат

PhotoRoom