ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Жаңалықтар
21.12.2021, 23:36
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров, аудандық мәслихаттың депутаттары Шыныбек Мұңашов пен Асқар Кенехан және Абылай Жақыпов жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі. Күн ұзаққа созылған турнир де соңына жетіп, мықтылығын танытқан палуандар жүлделі орындардан көрінді. Атап айтар болсақ, 55 келі салмақта 1-ші орынды шымкенттік Бектөре Құрманәлі, 2-ші және 3-ші орындарды қызылордалық палуандар Мырзабек Мұстафаев пен Наурызбай Сәдібеков иеленді.

Өскен Алдамжаров – Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Ал, түйе палуандар бәсекесінде 1-ші орынды бәйдібектік Сардар Әбдісамитұлы қанжығалап, турнирге тігілген аудандық мәслихаттың депутаттары Асқар Кенехан мен Дәуір Ахатаев және Абылай Жақыпов демеушілік  жасаған автокөлікті жеңіп алды.

Абылай ЖАҚЫПОВ – Аудандық мәслихаттың депутаты

Марапаттау рәсімінде аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта осындай жарыстарды жиі ұйымдастыруды айта келіп, түйе палуан атанған Сардарға автокөліктің кілтін табыстады.

 

Сұхбат

PhotoRoom