Мірәлі Баба кесенесі – тарихи архитектуралық ескерткіш

Рейтинг
04.07.2020, 20:13
Мірәлі Баба кесенесі –  тарихи архитектуралық ескерткіш

Мірәлі Баба күмбезі – архитектуралық ескерткіш. Шымкент қаласы қарамағындағы Сайрам ауылының маңында. Аңыз бойынша кесене 11–12 ғасырларда өмір сүрген киелі кісінің қабіріне 15–16 ғасырларда тұрғызылып, кейінгі кезде жойылып кеткен мазардың орнында тұр. М.Е. Массонның мәліметтері бойынша 1925 жылы күмбез әлдеқашан құлап қалған, ғимараттың соңғы қалдықтары мүлде бұзылған. Қазіргі құрылыс 19 ғасырдың аяғына жатады, көлемі 120х250х60 мм күйдірілген кірпіштен қаланған, жөнделген, сыланбаған, жобасы текшеленіп келген күмбезбен жабылған. Күмбездің сырты сыланған. Қасбеті биік аркалы қуысы бар порталмен нақышталған. Қуыс ойығынан кіре беріс есік шығарылған. Ішкі құрылымы аркалы қабырғалары бар шаршы үй болып келеді. Қабырғалары мен едені сыланған.

Абдулхамит Махамбетисақов кесенеге жиырма жылдан аса уақыт шырақшы болып келеді. Бұл жерде әкесі мен баласының мүрдесі қатар қойылған. Әкесінің есімі Шах-мәлік. Баласы – Мірәлі. Бұлар Х ғасырда өмір сүрген. Сайрамда ел арасында ислам дінін уағыздаған, – дейді шырақшы.

Сұхбат

PhotoRoom