ПИРОТЕХНИКАДАН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП

Жаңалықтар
24.12.2021, 23:41
ПИРОТЕХНИКАДАН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП

Жаңа жыл қарсаңында қала аумағындағы пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібі бақылауға алынды.Жергілікті атқарушы органдардың, Полиция департаменті қызметкерлері ірі сауда орталықтарына, базарларға рейдтік іс-шаралар жүргізуде.Сонымен қатар, қала мектептерінде оқушыларға және ата-аналарға мерекені қауіпсіз өткізу мақсатында «ZOOM» «WhatsApp» қосымшасы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Аманбек Бейсембаев –Шымкент қаласының ТЖД бастығының орынбасары

Айта кетейік, пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы жоқ немесе сақтау тәртібінде заң бұзушылықтары орын алған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынады. Яғни, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 483 бабымен жауапкершілікке тартылады.

Сұхбат

PhotoRoom