Қожасалық кесенесі жайлы сыр шертсек...

Рейтинг
04.07.2020, 20:19
Қожасалық кесенесі жайлы сыр шертсек...

Қожасалық кесенесінің кіреберіс маңдайшасында: «Мен ел қыдырып жүретін құдыретпін. Ал жерде іздейтін адамдарды мен тек осында қабылдаймын. Қыдыр ата» деген жазу жазылыпты. Қожасалық – Қыдыр атаның әкесі. Кесене шырақшысы Хабиба Исраилованың айтуынша, бұл кесене Сайрамда 18 ғасырда салынған ең бір әдемі құрылыстардың бірінен саналады. Сыртқы, ішкі өлшемдері шаршыға жуықтайды: 6,44х6,30 м, биіктігі 7,15 м, күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимарат осы уақытқа дейін үш рет жөндеу жұмыстарын көріпті. Қазіргі үлгісін 2010 жылы экс-Сенат депутаты Өмірбек Байгелді салдырған екен. Одан бері небәрі жеті жыл өткенімен, кесененің сыртқы қабырғасына қар-жаңбырдан зақым келген. Сыртқы пішіні қайта күрделі жөндеуді қажет етеді.

Қожа Салық кесенесі – Шымкент қаласының Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан көне ескерткіш.

Кейіннен генерал Ержан Исақұловтың демеушілігімен кесене күрделі жөндеуден өтті. Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.

Қариялардың айтуынша және «Рисалай Сайрам-Исфиджап» кітабындағы жазуға сәйкес, Қожа Салық – Әзірет Қыдыр ғалайки-саламның әкесі екен. Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген. Ол кісі өз заманында оқымысты ғұлама болған, жалғыз жаратқанға құлшылық еткен әрі танымал билеуші болған. Оның билігі тұсында ел көркейіп, қала гүлденсе, адамдар білім алып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік алған деседі.

Сұхбат

PhotoRoom