Жылдың үздік 10 спортшысының қатарын бокстан Токио Олимпиадасының жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов бастады. Сонымен бірге үздік ондық қатарында дзюдошы Дидар Хамза, ескек есуші Владислав Яковлев, әйелдер күресінен Нулифар Раймова мен балуан Тоқтарбек Айдарбек және өзге де чемпиондар бар. Ал үздік 10 жаттықтырушы сапында Мырзағали Айтжанов, Марат Файзиевтен өзге де танымал бапкерлерге құрмет көрсетілді. Сонымен бірге су спортын дамытып жүрген Денис Жәрменовке «Құрмет» ордені тапсырылды. Биыл ересектер арасында өткен спартакиадада Түркістан қаласының спортшылары топ жарды. Күміс жүлде Жетісай ауданының өрендеріне бұйырса, қола жүлдені Шардара ауданының сайыпқырандары жеңіп алды. Аталған аймақ басшыларына кубоктар табыс етілді. Үздік ауыл жаттықтырушысы болып созақтық Мұрат Серікбаев танылды.
ҚАНАТ ЖОЛДЫҚАРАЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Спорт саласының 7 өкіліне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың алғыс хаты тапсырылды. Сонымен бірге бір топ спорт саласының өкілі «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғысхатымен марапатталды. Партия филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреева құттықтау сөз сөйлеп, спортшылардың еңбегін жоғары бағалады. Облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталары да өз иелерін тапты. Қазіргі таңда Түркістан облысында дене тәрбиесі және спортты дамыту бағытында 1520 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді. Өңірде дене шынықтыру және спортпен шұғылданаушылар жалпы тұрғындардың 34,7 пайызын құрап отыр. Облыс спортшылары Токио Олимпиадасы мен «Ақ бида» ойындарында және өзге де додаларда үздіктер қатарынан табылды. Жалпы жыл бойы оңтүстік спортшылары қоржынға 1179 жүлде салған. Оның 499 алтын. 312 күміс қалғаны қола.