2021 жылы Асар-2, Нұршуақ, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Сәуле шағынаудандарына таза ауыз су жүйесі тартылып, жыл соңына дейін, тіршілік нәрі жаппай таратылды. Оларға Көмешбұлақ магистралды суаққысы арқылы таза ауыз су жеткізілуде. Бүгінде миллионды қаланың таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98 пайызға жеткен.
Боранбай Булатбеков - Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы (14 е.м құрылыс жүрді, 10 бердік, 1 е.м келесі жылға өтті)
Ал, мегаполистің сапалы жарық жүйесіне қосылу көрсеткіші өткен жылдың басында 95 пайызды құраса, жыл соңында 97 пайызға дейін өскен. Осы орайда, Шымкенттің 16 елдімекенде электр қуатын тарту жұмыстары жүргізіліп, оның 7-еуіндегі құрылыс аяқталып, тапсырылды. Олар, Достық тұрғын алабы, Жалын, Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл елдімекендері. 2021 жылдан биылғы барыс жылына 9 шағынаудандағы жұмыстар қалдырылған. Бұл тірліктер тәмәмдалса, миллионды қаладағы жарықтың мәселесі түбегейлі шешілмек.
Нәзира Хусенова - Достық тұрғын алабының биі
Айта кетейік, инфрақұрылым мәселесі бойынша былтырғы жылдың ауыз толтырып айтарлықтай жұмысының бірі Бозарық және «1-М-1» қосалқы станцияларының іске қосылу. Өз кезегінде қала халқының сапалы жарықпен қамтылу көрсеткіші еселеніп отыр. Қазіргі таңда 81 елдімекеннің қырқының тұрғындары табиғи газбен толық, 33 елдімекен жартылай қамтылған. Осы олқылықты жою үшін энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан 2021 жылы 1 бір газ станциясы салынып, 2 магистралды газ құбыры тартылуда (АГРС-3). Сондай-ақ, Алтынтөбе және Бадам тұғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстары аяқталды.