Жаңа төраға жаңа міндеттермен келді. Алғашқы отырысты басталмас бұрын депутаттар ден қоятын мәселелерге тоқталды. Халық. Әл-ауқат. Сапалы заң. Барлық жұмыс осы үшеуіне бағытталуы тиіс. Сондықтан алдағы уақытта жұртшылықпен кездесу форматы өзгеруі мүмкін. Төраға Парламент жұмысының ашықтығын қамтуды алдыңғы орынға қойды.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұдан кейін бірқатар заң жобасы талқыланды. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының салмақты саласы. Алайда, агро кешеннің жұмысында шикілік көп. Әсіресе асыл тұқымды мал шаруашылығына қатысты қордаланған шаруа шаш етектен. Оларды шешу үшін заңды реттеу керек. Алайда, өзекті сұрақтар көкейде қалғанға ұқсайды. Қошанов құжатқа атүсті қараған депутаттарды қоштамады.
сыпайы сұрақтарға, сыпайы жауаптар берілді
Созбақтамай, төраға негізгі сұрақты төтесінен қойды. Өйткені, министрліктің жұмысына қатысты қоғамда сын көп. Субсидия сергелдеңі, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық аяқ бастырмайды. Себеп - заң солқылдақ.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ол неліктен болды? Ол біріншіден жергілікті жердегі қолдардың таза еместігінен. Екіншіден біздің заңдардың соған тосқауыл қоя алмауынан. Сол бойынша мен бүгін сұрақтардың ішінен сондай сұрақ бола ма деп күтіп ем. Өкінішке қарай болмады. +48.38. егер елмен хабарларыңыз болса елде осы мәселе аудандарда қатты талқылануда. Көптеген адамдар түрмеде отыр осы бойынша. Қаншама жылдан келе жатқан, тамырын тереңге татып кеткен үрдіс болып кеткен. Осы мәселені жақсылап талқылап, екінші оқылымға дейін қажет болатын болса сондай тоқсқауыл қоятын ұсыныстар енгізіңіздер.
Бүгін сондай-ақ, Мәжіліс қауіпті қалдықтарға қатысты құжатты мақұлдады. Соған сай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында қалдықтарды өткізудің бірыңғай тәртібі белгіленді. Ал жеке тұлғаларға трансшекаралық өткізуге тыйым салынды.