Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.