Шымкентте биыл 300 шақырым жол жөнделеді

Жаңалықтар
03.02.2022, 21:10
Шымкентте биыл 300 шақырым жол жөнделеді

Өткен жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, жалпы көлемі 237,6 шақырым топырақ көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, 260 орынға аялдама орнатылды. 2021 жылдың нәтижесі бойынша қаламыздағы асфальт жолдардың үлесі63,6% жетіп отыр дейді,-Ержан Жолдасов.

Ержан Жолдасов - Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Қаламызда жалпы 1000 автобус бар. Оның 640 газ-метанмен, ал 360 дизельмен жүреді. Қазіргі жағдай бойынша жалпы 82 маршрут, 789 кесте, 13 тасымалдаушы компания бар. Электронды «Төлем» жүйесі бойынша 240мың төлем карта сатылымда. Қазіргі уақыттағы транзакция 300мыңнан кем емес. Ал Ikolik қосымшасы бойынша 90% қоғамдық көлік ендірілді. Қазір қосымшаның 170мыңнан астам қолданушысы бар.

Ержан Жолдасов - Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Қала бойынша жалпы 1886 аялдама павильоны орны бар. 2021 жылы типтік үлгідегі 400ден астам аялдама орнатылды. Aйта кетейік, алдағы уақытта 150 орынға аялдама орнату және аудан әкімшілігі тарапынан бекітілген көшелерге шағал тас төсеу жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom