Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

Жаңалықтар
04.02.2022, 21:12
Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

Еңбек инспекциясының мамандары таңмен таласып өңірдегі құрылысы қарқынды жүріп жатқан алаңға келді. Құрылысшыларға қауіпсіздік шараларын, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Әрбір жұмысшы еңбек шартына сәйкес қызмет жасау қажеттігін ескертті. Бауыржан Қалжановтың айтуынша, Шымкентте өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны жыл сайын азайып келе жатыр. Оқыс жағдайдың басым бөлігі металлургия, құрылыс саласында болады дейді,- ол.

Бауыржан Қалжанов – Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

Құрылыс компаниясының мамандары күнделікті жұмысшыларға қауіпсіздік ережелерін ескертеді. Сонымен қатар, санитарлық талаптарды сақтау, еңбеккерлерді қажетті құралдармен толық қамтамасыз ету де қарастырылған.Соңғы жылдары алып құрылыстар алаңына айналған мегаполисте құрылысшылардың үлесі зор болғанымен, жұмысшылар қауіпсіздігі басты назарда болуы шарт дейді,- Сәбит Аханбаев.

Сәбит Аханбаев – құрылыс компаниясының маманы

Айта кетейік, қалада жыл басынан бері құрылыс алаңында өкінішке орай бір адам қаза тапты. Ал бұндай түсіндірме жұмыстарының басты мақсаты жазатайым оқиғалардың алдын алу болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom