Медициналық қызмет көрсету сапасы артып келеді

Жаңалықтар
07.02.2022, 21:15
Медициналық қызмет көрсету сапасы артып келеді

Түркістан облысына  2020 жылдың желтоқсанында 122 жаңа көлік бөлінді. Сонымен жедел-жәрдем қызметінің машина паркі 90 пайызға жаңартылды. Қазір күніне орта есеппен  2000-ға жуық шақырту түседі. Коронавирус пандемиясы кезінде тәулігіне 3 мың шақырту түскен кездері де болған. 

Ағайша Аманжолова  - Түркістан облыстық жедел медициналық станция  басшысының орынбасары

Түркістан облысы бойынша 140 бригада жұмыс істейді.  22 под станция бар. Басы Жетісай, аяғы Созақпен аяқталады.  Түркістан қаласының өзінде 2 бекет бар. Бір бекетте 10 бригада. Екінші бекетте 8 бригада. Жалпы 18 бригада жұмыс атқарады.

Мемлекетік стандарт бойынша әр 10 мың тұрғынға 1 бригада болу керек. Қазіргі таңда Түркістан облысында бұл көрсеткіш тек 70 пайыз ғана орындалып отыр. Сондықтан талапқа  сай медициналық қызмет болуы үшін облыс халқына тағы 60 жедел жәрдем бригадасы қажет. Ал қалалық орталық аурухана жалпы 340 адамға қызмет көрсетеді. Тәулігіне 30-50 адам ға дейін қабылдап отыр.

ЖАНБОЛАТ ДІЛДӘБЕКОВ  -  Түркістан қалалық көпбейінді медициналық  орталығының   бас дәрігері

Қосымша урология, оториноларингология, пульмонология, гинекология, жақ-бет хирургия бөлімшелері бар. Түркістан қаласы облыс орталығы болмай тұрған кезде тұрғындар Шымкентке баратын. Қазір осында алуына мүмкіндік бар.

Ауруханада - 12 клиникалық бөлімше, параклиникалық бөлімшелер: клиникалық, бактериологиялық, зертханалар, эндоскопия, компьютерлік томограф, УДЗ, рентген кабинеттері, дәріхана жұмыс атқарады.

Сұхбат

PhotoRoom