Президент пәрмені халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған

Жаңалықтар
09.02.2022, 21:18
Президент пәрмені халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған

Кешегі кеңейтілген отырыста жұмыссыздық, ауылшаруашылығы, саяси ахуал, тұрғын үй туралы кеңінен қозғалды. Жай сөз күйінде емес нақты дәлел дәйектермен келтірілді. Дәлелдемелерді басқа емес Мемлекет басшысының өзі тізіп берді. Содан кейін үкіметке халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы міндет жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті

Өкінішке қарай соңғы кезде жұрттың табысы экономикалық өсімнің емес, әлеуметтік трансферттің есебінен көбейді. Ашығын айтқанда жәрдемақымен және зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар аз емес. Бұл аз десеңіз жұмыс берушілердің пайдасымен және нарықтағы бағаның көтерілуімен салыстырғанда еңбекақы әлде қайда баяу өсуде.

Жағдайдың нашарлауына негізгі себеп жалған статистика. Жауырды жаба тоқып жоғарыға жалған ақапарат беру. Бұл туралы да Президент біраз дәлелдемелерді тізіп берді. Әсіресе халықты баспанамен қамту мәселесінде көп істің тек  қағаз жүзінде атқарылып жатқанына тоқталды. Сонымен қатар жұмыссыздықты жою мәселесіне де мән берді.  

Гүлжан Сүгірбаева – ОҚМПУ ректоры  

Біздің білетін мәселелер әрине тұрғын-үй жұмыссыздық,. Әлеуметтік жағдай . сол мәселелерге көп назар аударған және үкіметтің алдына қойылған мәселе ең бірінші үкімет халықтың жағдайын жақсарту мәселесі.

Осы отырыста Президент барлық істе ашықтық әрі әділдік болуы тиіс екенідігінде ескертті. Әсіресе ауылшыруашылығы жерлеріне қатысты мәселеге қатты мән беру керектігіне тоқталды. Себебі, ауылдағы жер ол халықтың негізгі күн көрісі. Сондықтан, әрбір іске жауапкершілікпен қарап, оның тиімділігіне талдау жүргізілуі тиіс.

Ержан Рақымжанұлы – ОҚМПУ проректоры  

Президент ауылдағы малшыдан министрге дейін барлық азаматтың мұң мұқтажы жағдайы пікірі ескеріліуі керек деді. Оған қоса ауылдағы жайлым жер мәселесіне тоқталды.

Барлық мәселе бірден шешілмесі анық. Бірақ солай екен деп ұзын арқан кең тұсауға салынуға болмайды. Ертетерек етек жеңді жиып жауаптылар іске кірісу қажет. Сонда ғана барлығы баянды болары анық. Айтпақшы осы отырыста Президент үкіметке шет елге заңсыз шыққан қаржыларды екі айдың ішінде қайтару туралы тапсырма берді.

Сұхбат

PhotoRoom