Жеке мектептер мемлекеттік тапсырыс аясында балаларға тегін білім береді

Жаңалықтар
10.02.2022, 21:22
Жеке мектептер мемлекеттік тапсырыс аясында балаларға тегін білім береді

Құрсай шағын ауданында орналасқан мектеп 550 орындық. Жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін нысанның құрылысын аралау барысында әкім сапасына баса назар аударып,  баланың сапалы білім алуы үшін материалдық-техникалық базасының талапқа сай болуын қадағалады.Жеке меншік білім мекемелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесімен мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Яғни, жеке меншік мектептерде кез-келген бала тегін білім ала алады. 

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

КСМ:Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жеке инвестордың қатысуымен салынып жатқан мектептің құрылысын бақылады. Осы жылы тапсырылуы жоспарланған білім нысаны 500 орынға лайықталған.Темірлан тасжолы бойында орналасқан мектепке мемлекеттік тапсырыс бойынша әр балаға жан басына шаққанда қаражат төленеді. Шымкент қаласы бойынша жан басына қаржыландыру бір жылдың 10 айына беріледі.1-4 сынып әр оқушысы үшін 400 451 теңге,  5-9 сынып оқушысы үшін 540 643 теңге, Ал, 10-11 сынып оқушысына 642 528 тг қаржы қаралған.

ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ -БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласында 9 үш ауысымды білім ошағы қалған. Орын тапшылығын жою мақсатында жан басына қаржыландыру жүйесі септігін тигізуде. «Жас дарын-3» жеке меншік мектептің құрылысымен танысу барысында қала әкімі инвесторлар есебінен салынатын білім нысандары тиімділігіне тоқталды.«Жан басына шаққандағы қаржыландыру – бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін арттырады, жалпы білім беретін мектептердің материалдық жағдайын жақсартады және жұмыс нәтижелерін ынталандырудың қосымша шаралары есебінен педагогтың беделін жоғарылатуға септігін тигізеді»,-деді М.Әйтенов.

Сұхбат

PhotoRoom