А.Асқаров атындағы Дендрологиялық саябақтың тұқымбағында қазірдің өзінде 5 мыңнан астам көшет егіліп қойған. Көктем айында тағы 10 мың түп қондыруға дайын болады. Олардың арасында өрік, жиде, краснодерн, шие бар. Арасында 3 мыңнан астам сирек кездесетін көшеті бар 15 мың түп ағашқа бэджеттен 13 млн теңге бөлінген.
Құрманбай Үсен – А.Асқаров атындағы Дендрологиялық саябақ директорының орынбасары
Жоғары жақта айлант алқабын жасамақпыз Ол жерге 830 терек егілді.
Шымкентте 39 гүлзәр мен 9 саябақ бар. Соларға қосымша биыл 7 гүлзәрдың ЖСҚ әзірленіп жатыр.Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасыДендрологиялық саябақпен бірлесіп жұмыс атқарады. Қаланың ажарын ашатын түрлі ағаштар тұқымбақта өндіріледі. Іс ілгерілету үшін саябақ аумағындағы суғару жүйесі жаңартылып жатыр.
Нұрсұлтан Кенжебаев – Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары
Қазіргі таңда суару жүйесіне сметалық құжаттама жасауға конкурс жүргізіліп жатыр.
Сирек кездесетін ағаштар мегаполиске алдырылғаннан кейін тұқымбақта күтіп бапталады. Шымкенттің ауа райына жерсінгеннен кейін қала көшелеріне қондырылады. Дендрологиялық саябақта 357-ге тарта өсімдік түрі. Оның 61-і сирек кездесетін ағаш. Саябақта қызыл кітапқа енген 10 ағаштың түрі өседі.