Шымкентте 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі

Жаңалықтар
15.02.2022, 21:29
Шымкентте 6 спорт нысаны пайдалануға беріледі

Бұл көпке таныс Металлургтер стадионы. Қайта жаңғыруды қажет еткен нысан,  кімнің жырына арқау болмады десеңізші?. 2020 жылы  реконструкциялау жұмысы басталған бұл жерде, заманауи стадион бой көтереді деп күтілуде. Нәтижесінде, халықаралық жарыстарды өткізуге жол ашылады деген жоспар бар.

ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Металлургтер стадионындағы құрылыс, биылғы жылдың аяғына таман тәмәмдалмақ. Сондай-ақ, жыл соңына жоспарланған жұмыстың бірі Сайрам тұрғын алабында жүргізілуде. Мұндағы, №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салуға қазынадан 1 млрд теңге қаралыпты. Спорттың 12 түрі бойынша жаттығу процесін өткізуге мүмкіндік бергелі отырған ғимарат 1 мезгілде 160 спортшыны қабылдауға қауһарлы екен. Бұл спорт мектебі тұрғын алабтағы жалғыз жаттығу орны екен.

ХАСАН МАККАМБАЕВ - №12 СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Бюджет есебінен бөлек бүгінде қалада  4 спорт нысанының құрылысы демеушілердің қолдауымен қолға алынып отыр. Солардың бірі, Бозарық шағын ауданынан бой көтеріп жатқан жаңа атшабар. Жалпы аумағы 39 гектарды құрайтын заманауи ипподромда ұзындығы 2 000 метрді құрайтын және түнгі жарықтандырумен қамтылған, Көкпарға арналған алаң, конкур мен выездкаға арналған алаң, әкімшілік кеңселері мен 1 500 адамға арналған трибуна, сонымен қатар,  100 басқа арналған атқоралар мен жазғы ат тұрақтар,  ветеринарлық блок пен жем-шөпке арналған арнайы орын қарастырылған. Жоба аясында барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келетін манеждің құрылысы ескерілген. 

ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Халықаралық стандарттарға сай су жаңа атшабар бұйыртса, осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, үстел теннисіне арналған спорт нысаны, футбол орталығы мен әмбебап дене шынықтыру алаңы жыл аяғына таман ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom