109 орталығы психологиялық кеңес те береді

Жаңалықтар
17.02.2022, 21:31
109 орталығы психологиялық кеңес те береді

Қала тұрғындарының қоғамдық көлікке қатысты арыздары толастамай тұр. Сондай-ақ, төлем жүйесінің төңірегірегіндегі шағымдар да мәз емес. Бұл ретте 109 нөміріне 97 мыңнан астам қоңырау келіп түсіп, тіркелген. Оның басым бөлігіне  сала мамандары жауап қайтарған. Сонымен қатар, сапалы жарық пен таза ауыз судың мәселесі де мегаполис халқын жиі мазалауда.

Азат Әміртай – Шымкент қалалық ситуациялық 109 орталығының басшысы  

Ситуациялық орталыққа хабарласып көмек сұрайтындардың қатарында, жоғын іздегендер мен психологтың жәрдеміне жүгінетіндері де бар екен. Жыл ішінде 3 мыңнан астам адамға кеңес берген орталық қызметкерлері, жағдайды бақылауда ұстайтындарын айтады.

Тоғжан Әбіш - Шымкент қалалық ситуациялық 109 орталығы басшысының орынбасары

Бастапқыда 30-ға жуық қызмет түрін көрсететін орталық, бүгінде бұл сандарды 93-ке жеткізген. Бұл ретте бірігіп жұмыс жасайтын мекемелердің де саны артқан. Ал, өз жұмысына жүрдім бардым қарап, салғырттық танытқан 44 азаматқа ескерту беріліп, сөгіс жарияланыпты. Олардың арасында жалған есеп бергендері де бар екен. Айта кейік, қаланың 4 ауданының арасында өзекті мәселелерді шешуде Абай ауданы көш басында тұр. Осы орайда, алғыс білдіргендер де бар екен. Жиын соңына таман iShymkent порталының жақын арада іске қосылатыны айтылды. 70 жуық мекеменің жұмысын қамтитын жобада, қала тұрғындары шаһар басшысының қабылдауына қысқа уақытта жазылып, әкім орынбасарларымен тікелей байланыс орнатылады деп күтілуде.  

 

Сұхбат

PhotoRoom