Жыл өткен сайын білім саласында мемлекет қоржынынан қыруар қаражат бөлінді. Ұстаздардың жалақысы өсті. Қажетті жабдықтармен жарақтандырылуда. Үш ауысымды мектептердің саны азайды. Алтын белгі санын қысқарту да жоспарда бар. Бұл санға емес, сапаға көңіл аударуды қажет етеді.
Жанат Тәжиева-Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы
Соңғы жылдары 20 дан астам жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Оқу бағасы бағынбай кеткен. Әр мекемеде әр түрлі. Сондай-ақ,көпке белгілі ақылы білім ошақтарында оқулық жоқ. Осы секілді бірқатар мәселелерді алға тартқан кеңес төрағасы білім алудың құнын бірізділікке түсіріп, кітаппен қаматамсыз етуді ұсынды.
Баршагүл Исабек-«Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық аймақтық қоғамдық кеңестің төрағасы
Бұл кеңес отырысының берері көп. Жол картасындағы білім саласына тиісті 14 бағыты туралы мәлелелер талқыланып, жоспардың 93 пайызы орындалған. Бүгінгі жиын барысында алдағы уақытта атқарылатын істер жоспарланып, нақтыланды.