Айта кетейік,Шымкент қаласында 14-35 жас аралығында 365,9 мыңнан астам жас тұрады. Яғни халықтың жалпы санынан 35%-ды құрап отыр. 7 ЖОО-да 76 мыңнан астам жастар және 37 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 37 мыңнан астам жастар оқиды. Қалада 4 Жастар ресурстық орталығы, 173 жастар ұйымы, «Jas Otan» жастар қанатының 12 бөлімшесі жұмыс істейді. «Nur Otan» партиясының 35 жасқа дейінгі мүшелерінің саны бүгінгі таңда 8,3 мың жасқа жетті.Кездесуде жастардың білімі мен біліктілігін жетілдіру, жұмыссыздық, жаңа экономикаға қажетті кадр тапшылығын шешу, баспана, секілді өзекті проблемаларды жоюда бірлесіп жұмыс атқару маңыздылығы айтылды. Жастар көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтартарды халық қалауларына қоя отырып, өздерінің ұсыныс-тілектерін де жеткізді.
Фахриддин Қаратаев – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты