Шымкентте республикалық дебат турнирі өтті

Жаңалықтар
28.02.2022, 21:42
Шымкентте республикалық дебат турнирі өтті

Екі күндік пікірсайыс турнирінің салтанатты ашылуына қатысқан университет ректоры профессор Ақмалдин Сапардинұлы қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген пікірсайыста балалар құқы талқыланды.   Осы бағыттағы заңнамаларға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар,  еліміздегі түйіткілді өзге де мәселелер дебатерлердың қызу талқысына түсті.

Нұрлан Хайдаров–Орталық Азия Инновациялық Университеті ректорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Турнирде студенттер мен дебатерлардан құралған 100 қатысушы пікір таласты.  Қатысушылардың бірі -  Ажар Сұлтан. Еуразия Ұлттық университеті клубының 5 жылдығымен құттықтап, шымкенттіктердің қонақжайлығына тәнті болды.

Ажар Сұлтан қатысушы

«Білімді ұрпақ - келешек кепілі» республикалық дебаттың Гран при иегерлері Алматы қаласының намысын қорғаған Нұрсултан Нұрсипат пен Бинур Ахаткызы. I орын иегері де алматылық Архат Сарсенбаевқа және жерелесіміз Рахат Арғынбайға бұйырды.  II орын да алматылықтарда.  Өмірзақ Нұрдаулет пен  Ерғали Інкаров қанжығалады. Қалған қатысушылар университет басқшылығынан бағалы, қаржылай сыйлықтарды місе тұтты.

Сұхбат

PhotoRoom