Қазақ ежелден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке шақырып, құлағына «біреудің ақысын жеме», «ешкімнің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама» деп құйып отырған. Ар-ожданды биік қойған. Мемлекет басшының «Нұр Отанның» атауын «AMANAT» деп өзгертуінде де үлкен мән бар. Адалдыққа ұмтылып, ізгілердің ізін жалғастырушылар бүгін емен-жарқын әңгімелесіп, нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп алды.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі, партияның филиал төрағасы
Өткен жылы партияның өңірдегі филиалына он мыңнан астам арыз-шағым түскен. Соның 66-пайызында халықтың талап-тілегі оң шешімін тапты. Тұрғындардың бас ауыртар басты проблемасы: баспана мәселесі. Инфрақұрылымның жоқтығы да біраз жұртты әбігерге салған.
Жанар Бектаева – Партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Қаңтар оқиғасы қоғамдық сананы өзгертті. Жаңғыратын, жақсаратын кез келді. Саяси ұйымның атауы ғана емес, ішкі құрылымында да аз-кем өзгерістер болады. Бастауыш партия ұйымдары ірілендіріледі. «Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңес жұмысына да жаңаша леп керек», деді әкім Әйтенов.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі, партияның филиал төрағасы
Ал, жастар арасында Лидерлер аз. Бұған қасіретті қаңтарда көз жетті. Жас өскінді отансүйгіш, патриот етіп тәрбиелеу үшін «Қайсар» деп аталатын патриоттық жоба іске қосылмақшы. Халықпен кері байланыс жасау - әлі де мардымсыз. Атқарушы билік ашықтық пен жариялылықты назарға алып, мейлінше, бұқараның бұйымтайына жауап беруі тиіс. Жергілікті биліктен жауап болмаған соң, тұрғындар журналистерге жүгінуге мәжбүр.
Айгерім Жұмағұлова – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты
Жиында «Жас Отан» жастар қанатының да ой-пікірі тыңдалды. Мұрат Дүйсенбекұлы жастар жалаң ұранға бой алдырмай, нақты істермен айналысссын, деді. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, қала әкімі алты бірдей маңызды мәселелерге басымдық берді. Әсіресе, депутаттарға сайлауалдында берген уәделерін толық орындау маңызды. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жұмыла жұмыс істеген ләзім.
Данабек Исабеков – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты
Жиын соңында халық қалаулылары әлеуметтік экономикалық реформалардың жүзеге асуы жолында сарқа күш жұмсауға уағдаласып тарқасты. Өйткені, «Аманатқа» жүктелген жүк ауыр.