Жастар практикасы - тәжірибе жинауға мол мүмкіндік

Жаңалықтар
04.03.2022, 13:34
Жастар практикасы - тәжірибе жинауға мол мүмкіндік

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-де 100ден аса нәзік жандылар жұмыс істейді.Басым бөлігі жастар. Солардың бірі - Ұлболсын Хайдарова. 2018 жылы Оңтүстік Қазастан Мемлекеттік Педагогикалық университетінде «әлеуметтік педагог» мамандығын  тәмамдаған. Қолына диплом алған жас маман  сол уақытта «Жастар практикасы»  бағдарламасы арқылы Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жолданыпты. Қазіргі таңда  ол  жұмысқа орналасып, тұрғындарға қызмет көрсетіп жүр.

Ұлболсын Хайдарова – Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы КММ маманы

Бұл жоба жас маманның жігерін шыңдады. Ал, орталық басшылығы болса, Ұлболсынды қуана қарсы алған. Мұндағы басшылардың айтуынша, Ұлболсын Хайдарова өз ісіне ұқыпты, білгір маман. Айта кетейік, биылдан бастап  «Жастар» практикасы бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзартылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жалақы мөлшері де 30 АЕК-ке көтеру қолға алынып отыр. Осы орайда 2000-нан астам шымкенттік жас маман нақ осы бағыт бойынша екі қолға бір күрек таппақ. Мұның бәрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  пәрменімен жүзеге асуда.

Сұхбат

PhotoRoom