Шымкентте президент жолдауын жүзеге асыру бойынша актив отырысы өтті

Сараптама
18.03.2022, 14:01
Шымкентте президент жолдауын жүзеге асыру бойынша актив отырысы өтті

Стратегиялық құжатта пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға басымдықтар берілгенін атап өтті.

Мұрат Әйтенов-Шымкент қаласының әкімі

 Әлем саясаты толқып тұрған қазіргідей құбылмалы шақтан қиналмай өту үшін ең алдымен ішкі бірлігіз мықты, ынтымағымыз берік болуға тиіс. Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге бар күш - қайратымызды жұмсайтын боламыз. Ендеше, Президенттің Шымкент қаласындағы өкілі ретінде баршаңызды Президентіміздің бастамаларын қолдап, Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын

Қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктерден Шымкент қаласына 4 млрд теңгеден астам шығын келіп, 190 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Оның ішінде 71 адам полиция қызметкерлері мен әскер сарбаздары. Тәртіпсіздік салдарынан қалада 8 мемлекеттік және 29 бизнес нысан зардап шекті. 90 арнайы көліктер зақымдалып, оның ішінде 40 көлік жанып кеткен. Қарапайым адамдардың да бірқатар мүлкі жарамсыз болып қалған. Әкім қаңтар оқиғасының зардабын жою жұмыстарын одан әрі жалғастырып, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе жұмыс істеуді орынбасары Мақсұт Исаховқа тапсырды.

Мұрат Әйтенов-Шымкент қаласының әкімі

 «Бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады. Сондықтан президенттің көптеген құзыретінен бас тартатытын айтты. Сонымен бірге, саяси партияларды тіркеу шегін төрт есеге азайтып, 20 мың адамнан 5 мың адамға төмендетуді ұсынды. Бұл өз кезегінде жаңа партиялардың пайда болып, партияаралық бәсекелестікті арттырып, қоғамды демократияландыру үдерісін жетелдетеді»,-деді қала басшысы. Мәжілісте қоғам қайраткері, қалалық мәслихат депутаты, судья, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы мен қоғамдық ұйым өкілдері Жолдаудағы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша пікірлерін білдірді.

Шалатай Мырзахметов-қоғам қайраткері

Дария Қожамжарова-Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

Шаһар басшысы геосаяси ахуалға байланысты қиындыққа тап болған кәсіпкерлерді шұғыл қолдап, қаланың өнеркәсіп саласын бақылап отыру үшін қала әкімі орынбасары Айбек Сәттібаевқа «Атамекен» палатасымен бірлесіп арнайы комиссия құруды тапсырды. Актив отырысында Шымкент қаласы ақпарат құралдарын қолдау үшін биыл 946 млн теңге мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орналастырылғаны мәлім болды. Өтімді материал беру үшін хайп қуып, «түймедейді түйедей етіп көрсетудің» қажеті жоқ. Журналистерден кез келген мәселені ашық әрі бейтарап көрсетіп, жан-жақты пікірлерді қамтуға шақырамын»,-деді әкім.

Сұхбат

PhotoRoom