Газет құрметіне берілген аллея

Рейтинг
07.07.2020, 06:57
Газет құрметіне берілген аллея

Шымқаланың соңғы кезде заманауи үлгіде жаңарып, көркеюі, көшелердің, демалыс орындарының әсем безендірілуі қала тұрғындарының өз туған шаһарларына деген құрметін арттыруда. Шырайлы қала Шымкенттің ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті болуға тиіс деп санайды олар. Осыдан біраз уақыт бұрын Қошқар ата өзенінің бойынан «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің құрметіне аллея ашылған болатын. Саябақтың кішігірім нұсқасы саналатын гүлзар бүгінде қалалықтардың сүйікті мекеніне айналған. Өзеннен салқын самал есіп тұратын нағыз демалыс орны деуге болады. Ашылу салтананатында гүлдер, ағаш көшеттері отырғызылған болатын. Бүгінде шыбық болып шаншылған ағаштар шынарға айналып жайқалып тұр. Жауапты мекеме аталған гүлзардың тазалығын өз мойнына алған.

Сұхбат

PhotoRoom