Күн мен түн теңесіп Самарқанның көктасы жібіген күні Шымкенттегі арбат демалыс аймағы наурыз алаңына айналды. Себебі демалыс аймағының ортасына Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қазақы нақыштағы ақшаңқан киіз үйлер тілігіліп, оның ішіне ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылды. Сөйтіп мерекені тойлауға шыққан, тұрғындарға ақ ұсынылып, құрт- ірімшік үлестірілді.
Мауия Алданазарова - Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкері
Мерекелік дастархан басында ақ жаулықты аналар мен аға буын елдің болашағы баянды болуын тілеп бата қайырса жастар жағы ән айтып би биледі. Сонымен қатар, бірін-бірі Мерекемен құттықтады.
Әлия Шалабаева – Шымкент қаласының тұрғыны
Ал, Әл Фараби алаңында Наурыздың 21 күні бастау алған Дәмдестур ресторандар жәрмеңкесіне Ұлыстың ұлы күні де өз жалғасын табуда. Аталмыш жәрмеңкеде қаладағы 50-ге дәмханалар халыққа дәмі тіл үйірер өз өнімдерін ұсынуда. Сонымен қатар алаңда арнайы сахна орнатылған. Онда эстрада жұлдыздары өнер көрсетуде. Әл-Фараби алаңында да мерекені тойлап жүргендер қарасы қалың.
Аяулым Амангелді – оқушы
Ал, Асанбай Асқаров атындағы дендро саябақтағы Самал алаңыда ұлыстың ұлы күнінде Наурыз алаңына айналды. Себебі аталған алаңға Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту, Ауылшаруашылығы және ветеринария, Құрылыс басқармалары бірнеше киіз үй тіккен. Барлық киізүй маңында қазан асылып, самаурын қойылған. Мұнда да келушілер қазақы дастарханнан дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиді.
Аманжол Бекбол – Шымкент қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары
Наурыз ізгіліктің мейрамы. Өйткені бұл мерекеде ұлттық дәстүр ұлықталады. Алыстағы ағайын бір-бірінің халін сұрап көріседі. Қыс бойы сақтаған асын қазанға салып бірін-бірі қонаққа шақырады. Осы дәстүрді ұстанған шымкент қалалық Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағы ұлыстың ұлы күнінде арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Одақ мүшелері қаладағы Грамад Сауда желісімен бірлесіп 150 отбасыға азық-түлік себеттерін ұсынды. Олардың көбі тәжік-ауған соғысына қатысқан азаматтармен солардың отбасы.