Ақпараттық дүңгіршектер қала қонақтарына бағыт-бағдар береді

Рейтинг
07.07.2020, 07:07
Ақпараттық дүңгіршектер қала қонақтарына бағыт-бағдар береді

Шымкент қаласы қашанда қонақсыз болған емес. Қызы-жазы сырттан келетін жолаушылар, саяхатшыларға толы.  Сондықтан алыстан жолаушылап келген азаматтарға бағыт-бағдар беретін, қаланың тыныстіршілігінен хабардар етіп отыратын ақпараттық дүңгіршектер ашылған. Мұндай шағын дүңгіршектер «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы мен «Тәуелсіздік» және «Абай» саябақтарында, «Наурыз алаңы» мен әуежайда және темір жол вокзалында орналасқан. Бұл жерде жолаушыларға қызмет үш тілде көрсетіледі.

Туристік дүңгіршек қызметкерлері келушілерге мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес бере отырып, қаламыздың көрікті жерлері мен мәдени оқиғалары туралы, туристік маршруттары және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың анонстары туралы толық ақпаратты бір терезе принципі бойынша ұсынады. 

 

Сұхбат

PhotoRoom