Аудандық партия филиалдарының төрағалары сайланды

Жаңалықтар
31.01.2023, 15:07

Бүгін «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының кезектен тыс ХLVІІІ конференциясы өткізілді.

Аудандық партия филиалдарының төрағалары сайланды
AMANAT

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент  қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық және Абай аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері қатысты.

  Конференцияның жұмысын «AMANAT» партиясы  Абай аудандық партия  филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев жүргізді. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасын сайлау және көшбасшы партияның Шымкент қалалық  филиалының кезектен тыс 46 конфренциясына делегаттар сайлау мәселесі сөз болды. Есімхан Қалмаханұлының айтуынша, Абай аудандық  партия филиалының кезектен тыс 48-ші конференциясының өкілеттілік нормасына сәйкес 6648 партия мүшесінен конференцияға 65 делегат сайланды. Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы лауазымына Нұрғазы Бұхарбай сайланды.

Нұрғазы Бақтыбайұлы қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымының депутаты, партияның белсенді мүшесі, 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Зоосаябағының директоры болып қызмет атқаруда.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Шымкент қалалық партия филиалының кезектен тыс ХLVІ(46) конференциясына Абай аудандық партия филиалынан аталған сайланған азаматтар тізімі бекітілді.

Сұхбат

PhotoRoom