Биыл 13 шақырым жол қайта құрылымдаудан өтеді деп жоспарланған

Рейтинг
07.07.2020, 08:19
Биыл 13 шақырым жол қайта құрылымдаудан өтеді деп жоспарланған

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, жол саласындағы жұмыстар негізінен қайта құрылымдау мен жөндеу болып бөлінеді. Биыл Шымкент қаласында 10 нысан – 13 шақырым жол, 3 көпір, 1 оң жақ өткел қайта құрылымдаудан өтеді деп жоспарланған.

Бұлардың қатарында А-2 автожолы мен Темірлан тасжолының қиылысындағы көлік өткелдері, А-2 автокөлік жолының бұрынғы қоқыс полигонынан Ынтымақ шағынауданына дейінгі бөлігін жөндеу, Жібек жолы, Төреқұлов, Адырбеков, Бадам өзеніндегі автокөлік көпірлері мен Сайрам су өзеніндегі Леңгір бағытындағы көпірді қайта құрылымдау жұмыстары бар. Бұған қоса 50 шақырым жол мен 2 көпір толық жөнделіп, 308 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.

Биыл жалпы, 223 нысан пайдалануға берілсе, 2 нысан 2021 жылға өтпелі. Осы маусым-тамыз айлары аралығында 75 нысан ашылады деп күтілуде. Күзде тағы 5 нысан пайдалануға берілмек. Ал Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесін орташа жөндеуден өткізу 2021 жылға өтпелі.

Мысалы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында биыл 3 198 адам жұмылдырылмақ. Оның ішінде 1 621 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыз азаматтардың қатарынан алынады.

Сұхбат

PhotoRoom