ҚСЗИ (КИСИ) "Болашақпен" Меморандум бекітеді

Жаңалықтар
27.01.2015, 09:31

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (ХБО) арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

ҚСЗИ мен ХБО ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты арттырып, одан әрі кеңейту, қазақстандық сарапшыларды әлемнің белді ғылыми орталықтарында кәсіби біліктілігін шыңдау үшін «Болашақ» бағдарламасына қатыстыру мақсатында Меморандум бекітуге шешім қабылдады.

ҚСЗИ мен ХБО ақпарат алмасу үшін кездесулер, бірлесіп ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын, пікір алмасу алаңын, сарапшылар тобының отырыстарын ұйымдастыруды, халықаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда екіжақты қолдау көрсетуді, бірлескен жобалар мен зерттеулерге қатысуды жоспарлап отыр.

Меморандумға қол қойылған соң, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ қызметкерлеріне бағдарламаларын таныстырады.

Шараның өтетін уақыты мен орны: сағ.12-00-13-00 аралығы, ҚСЗИ, Астана қ. Бейбітшілік көшесі 4, Ө. Қасенов атындағы конференция-залы, (6-қабат)

Сұхбат

PhotoRoom