Саябақтарға Wi-Fi интернет желісі орнатылған

Рейтинг
07.07.2020, 08:37
Саябақтарға Wi-Fi интернет желісі орнатылған

Қала тұрғындарының басым бөлігі саялы саябақтарда демалғанды ұнатары сөзсіз. Бүгінде Шымкент қаласындағы барлық саябақтар ерекше күтімге алынған. Келушілерге барынша қолайлы жағдай жасалып, айнала жасыл желекке көмкерілген. Спортпен шұғылданам деушілерге арнайы тренажерлар орнатылған. Ал білім іздеп, уақытын тиімді пайдалануды көздейтіндер үшін Wi-Fi интернет қызметі іске қосылған. Шымкенттегі 4 саябақ пен 2 аллеяда тегін лимитсіз Wi-Fi интернет желісі бар. Ғаламторға тегін қосылу вай фай нүктелері Абай, Тәуелсіздік, Жеңіс, Орталық және Жастар, Нұрсәт аллеяларында бар.

Сұхбат

PhotoRoom