Айта кетейік, экологиялық акция «𝗔𝗠𝗔𝗡𝗔𝗧» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Раздыкұлының қатысуымен алғаш рет дендрологиялық саябақта бастау алған болатын.
Жасотандық жастар аталған акция аясында көпқабатты үйлердің арасында орналасқан саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштарды суарды.
«ТазаLike» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың партияның XXII Съезіндегі қоғамда экомәдениетті қалыптастыру туралы тапсырмасының және партиямыздың жаңғыруы негізінде жүзеге асырылып отыр.